Пікір

Ауыл шаруашылығы саласы ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне айналады

Жанболат НҰРПЕЙІСОВ,

Қобда аудандық мәслихатының депутаты.

Жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауынан халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жағымды жаңалықтар күтетініміз рас. Кеше ел Президенті Қ.Тоқаев жолдауын жариялап, пандемиядан кейінгі экономикалық дамуды жетілдіру үшін 2025 жылға дейін жоспарлы жұмыстар атқарылатынына тоқталып, тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімін созуды тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке шаруаларға қолайлы жағдай жасап, жерге қатысты мәселелердің шешімін табуды және ветеринария саласына ерекше көңіл бөлуді, ауыл шаруашылығы саласының экономиканың басты қозғаушы күші болуы үшін орта және шағын кәсіпкерлікке субсидиялардың қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүргеннен кейін осы саладағы өзгерістерді мұқият қадағалап жүреміз. Президент агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы әбден ескіргенін, осы бағытта жаңа бағдарламалар әзірленетінін айтты. Ауыл шаруашылығы жерлерін толық экономикалық айналымға түсіру, жайылымдық жерді тиімді пайдалану тетіктерін реттеу, ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау секілді жұмыстардың тезірек қолға алынуы — бұл саланың шын мәнінде ұлттық экономиканың драйверіне айналуына сентігін тигізіп, кәсіпкерлеріміз бен тұрғындарымыздың әл-ауқатының жақсаруына әсер ететіні анық.

Сонымен қатар Президент экология мәселесіне назар аударып, газдандыру, су тапшылығын жою, ауыл-аймақтарды дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстарды анықтап, мемлекеттік аппарат тұрғындардың мұң-мұқтажын шешуде белсенді болу керектігін тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button