Жаңалықтар

Облыс әкімдігінде

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қой жүнін өндіру мен өңдеуге қатысты жиналыс өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов, ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай қатысты.

Ақтөбе облысында қой жүнін өңдеу арқылы құрылыс бұйымдары мен басқа да инертті материалдар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Облыс әкімі жобаны жүзеге асыруға байланысты нақты тапсырмалар берді.

***

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен​  Ақтөбе қаласын дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Ақтөбе қаласы әкімі Асхат Шахаровтың​ ​ірі көлемді қоқыстарды​ шығаруға, Тұрғындар қалашығы ауданындағы​ үйлерді жөндеу мен​ сырлауға, аулаларды жөндеуге,​ облыс орталығын көгалдандыру мен​ абаттандыруға және сенбіліктер өткізуге қатысты баяндамасы​ тыңдалды.​

Жиын соңында өңір​ басшысы қала басшысы мен жауапты тұлғаларға Ақтөбені әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

***

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Бұлбұл Елеусінова мен Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов, білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, мәдениет  басқармасының басшысы Алтынай Юнисова қатысты. Жиын кезінде киелі жерлер мен экотуризм элементтері бар жаңа туристік бағыттар бекітілді.

***

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірде көтерме-тарату орталығын салу мәселесі талқыланды. Аталған жобаның жүзеге асырылуы бағаны тұрақтандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының маусымдық үстемеақысын жояды деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button