Спорт

Жәнібек — Еуропа чемпионы

 

Ресейдің Қазан қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) Еуропа чемпионаты өтті. Осы жарыста ақтөбелік Жәнібек Тыныштық чемпион атанды.

Жарыс жастар (18-20 жастағылар) мен 21 жастан жоғарылар арасында өткізілді. Жастар арасында қазақстандықтар 2 алтын, 4 күміс, 6 қола алса, ал ересектер арасында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

14 елден  252 спортшы қатысқан жарыста жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстанның жастар құрамасы — екінші, ал ересектер төртінші орын алды. Жалпы, елімізден барған 27 спортшының 18-і жүлдемен оралған.

Ересектер арасында ел қоржынындағы жалғыз алтынды Жәнібек Тыныштық  жеңіп алды. Ол 61,2 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ақтық сынға Жәнібек ресейлік Сергей Ширкуновпен шықты. Бұл жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан Жәнібекке берді.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button