Жаңалықтар

Таза ауыл өнімдері сатылады

Алғалық «Абылай» шаруа қожалығының өнімдерін ақтөбеліктер делдалсыз, яғни алыпсатарлардың үстеме ақысынсыз сатып ала алады. Шаруа қожалығы 12-шағын ауданнан «Біздің ферма» дүкенін ашып отыр.

Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алға ауданының Ақай ауылындағы Абылай шаруа қожалығы жылына 3-3,5 мың литр қымыз өндіреді. Шаруашылықта мыңнан аса мал бар, бұлар — негізінен, ірі қара мен жылқы.

Ет-сүт өнімдері қазір тұтынушыға арзанға түспейді. Өйткені өндірушінің өзіне ол үлкен еңбекпен, екінің бірі көндіге алмайтын бейнетпен келеді. Дегенмен сөреге шаруашылықтан тікелей келетін өнім, делдал арқылы жеткізілетін өнімнен қайткенде де арзанға түспек. Ет-сүт өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізу үшін «Абылай» шаруа қожалығы биыл облыс орталығынан екі дүкен ашыпты.

Соның ішінде «Біздің ферма» дүкені өткен аптада ашылды. Дүкен сөресінде ет, қымыз, сары май, ірімшік пен құрт, айран бар. Мұндағы таза ауыл өнімдеріне деген сұраныс  жоғары болады деп сенеміз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button