Жаңалықтар

Тұрғындар өтініші сараланды

Биыл Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарына жеке және заңды тұлғалардан 82 236 өтініш келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.

Аталған өтініштерді қарау нәтижесі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда келесідей көрініс береді: 67 811 өтініш қаралды, яғни бұл тіркелгендердің жалпы санының 82 пайызын құрайды.  31 582 (өткен жылы 16 288) өтініш қанағаттандырылды, 34 684 (20 824) өтінішке түсініктеме берілді, 797 (20824) өтінішті қанағаттандырудан бас тартылып, 748 (432) өтініш бойынша қарау тоқтатылды.

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, былтырғы және биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік органдар өтініштерді қарау нәтижелері бойынша түсіндіру сипатындағы шешімдерді көп қабылдаған. Өтініштердің түрлері бойынша 29 269 өтініш, 703 шағым және 1 610 өзге де өтініштер қанағаттандырылған.

Әсіресе жерді пайдалану мәселелері бойынша өтініштер (14 110) жоғары қанағаттандырылған. Сондай-ақ салық және кеден қызметі, еңбек және халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, сот төрелігі, қылмыстық-атқару заңнамасы және денсаулық сақтау мәселелері де қаралған.

Өтініштердің қысқаша мазмұнын зерттеу барысында азаматтардың жер учаскелерін беру, жалға беру және ұзарту мәселелері бойынша көп өтініш білдіргені анықталды. Қалған мәселелер бойынша азаматтар көп жағдайда түрлі анықтамалар алуға өтініш білдірген.

Ақтөбе облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы биыл 1 шілдеден бастап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның күші жойылғанын және оның орнына биылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік» Кодексі енгізілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш беру тәртібін білу үшін аталған кодексті зерделеуді ұсынамыз.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button