Ауыл

Ауылдың футбол алаңы

Спорт күніне орай Ойыл ауданының Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінде шағын футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Тамыз айының  үшінші аптасы — денешынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі.  Бұл жыл сайын дәстүрге айналып, мереке ретінде аталып өтеді.

Футбол алаңының құрылысына жергілікті бюджеттен 5 миллион 900 мың теңге бөлінген. Заманауи талапқа сай салынған футбол алаңының ішіне жасанды жамылғы төселген.

Тұрғындары тұрақты, жастары көп, демографиясы жақсы дамып келе жатқан  Амангелді ауылы үшін футбол алаңы шешімін күткен мәселелердің бірі болатын. Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөліскен аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, ауданның спорт саласында жетістіктерге жетіп, дамуына үлес қосып жүрген бірқатар спортшыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Аудандағы барлық ауылдық округ орталықтарында  спорт алаңы салынып болды. Енді елді мекендерді қамтып жатырмыз. Өткен жылы Ақшатау, Қаракемер елді мекендерінде футбол алаңдары салынды. Амангелді елді мекені — мұндай спорт алаңы бар үшінші ауыл.

Жыл аяғына дейін Көсембай, Екпетал, Құмжарған елді мекендерінде футбол алаңдары салынып, тұрғындардың игілігіне беріледі. Бұл бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жақсы мүмкіндік болмақ, — дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақберген Мұхамбетқали.

Ойыл ауданында спортпен шұғылданушылардың саны 32 пайызды құрайды. Бұл — халық санына шаққанда жақсы көрсеткіш.

Самат ЕСЕНҚҰЛ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button