Білім

Дәстүрлі форматта оқиды

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап оқушылар қайтадан партаға отырады.

Осыған байланысты өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелерін барынша тездетіп шешуді тапсырды. «Бүгін өте маңызды мәселені қарастырып отырмыз. Ол қазір әрбір отбасыны, барлық оқушылар мен студенттерді алаңдатып отыр. Биылғы оқу жылы денсаулық сақтау жүйесінің әзірлігі анағұрлым жақсы әрі халықты жаппай вакциналау жағдайында басталғалы отыр. Вакцина алған педагогтер жұмысқа кіріседі», — деді Үкімет басшысы. Премьер-Министр білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым қауіпсіз жүйесі мәселесінің қарастырылып жатқанын да айтты. «Сондықтан білім берудің дәстүрлі форматына оралу туралы шешім қабылданды. Осыған орай оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді барынша тездетіп шешу қажет», — деді Асқар Мамин.

Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде оқу процесі «1 сынып — 1 кабинет» форматында ұйымдастырылатынын айтты.

Сондай-ақ мектептерге әліппе мен букварь оқулықтары да қайта оралып жатыр. 1 қыркүйекте өтетін шарада алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға әліппе оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Әліппе оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. Әліппе ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», —  деді Асхат Аймағамбетов.

inform.kz сайтынан әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button