Жаңалықтар

Тұрғындарға жақындай түсті

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескергенучаскелік полиция инспекторлары қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолданып,  тұрғындарымен кері байланысқа шықты. Қазіргі уақытта осындай байланыс түрін полиция департаментінің барлық қалалық және аудандық бөлімшелері пайдаланады.

Азаматтармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында байланысу үшін ыңғайлы құрал ретінде Ақтөбе қаласы учаскелік полиция инспекторларының визиткасы әзірленді.  Олар «Instagram» әлеуметтік желісіне және SmartAppқосымшаларына, «2ГИС» халықаралық картографиялық компаниясының электрондық анықтамалығына байланыстырылған. Яғни біздің қаламыздың тұрғыны көрсетілген қосымшалар бойынша өзінің учаскелік полиция қызметкерін біле алады.

Сондай-ақ «Көршінің бақылауы» жобасы аясында бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша whatsapp мессенджері арқылы 1198 аула және үй чаттары құрылды, ол чаттарда 193 мыңнан астам адам тіркелген.

Бұл чаттарды құру азаматтармен жедел ақпарат алмасу, қылмыстық және түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін тиімді.

Егер жанжал, айқай-шу, қақтығыстарды көрген немесе естіген болсаңыз, полицияға уақтылы хабарлаңыз. Мүмкін осы әрекетіңізбен адамның өмірін сақтап қалуға әсер етерсіз. Өйткені тұрмыстық қақтығыстар мен отбасылық кикілжіңдер кейде өліммен аяқталады.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button