Жаңалықтар

Жұмыспен қамту орталығына — 10 жыл

Елімізде жұмыспен қамту орталықтары 2011 жылдан бері жүйелі түрде жемісті еңбек етіп келеді. Осы ретте Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруда.

Орталық ашылған уақыттан бастап жыл сайын17 мыңға жуық жұмыссыз азамат еңбекке тартылуда.
— Жұмыссыздық — қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мəселелерінің бірі.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы он жылдық тарихында көптеген отбасының қиын жағдайдан шығып,
жұмыссыздар қатарынан кәсіпкерлер санатына енуіне жол ашты. Жерлестеріміздің қайтарымсыз гранттар арқылы мемлекеттік көмектер алуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар бос орындар жәрмеңкесін де
тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Облыста жұмыссыздардың еңбекпен қамтылуы,оқушылар мен студенттердің бос уақытының тиімді
пайдалануы үшін бірқатар мемлкеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, — дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен
қамту орталығының директоры Алтынай Маханова.
Оның айтуынша, 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту бағдарламасы» аясында жастар тәжірибесі,
қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары, қайта даярлау курстары, шағын несие беру және тұрақты жұмысқа бағыттау бағдарламалары жүзеге асырылды.
2013-2017 жылдар аралығында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы іске қосылды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша
құрылыс нысандарына жұмыссыздарды бағыттау және жоғары сынып оқушылары мен студенттерін қоғамдық жұмысқа жіберу қарастырылды. Сондай-ақ бұл жылдары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Аталған бағдарламаға «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне бағыттау, қайтарымсыз грант беру, мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға арнайы жұмыс орнын құру, оқу орнының түлектеріне «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары енгізілді.
2018 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларға жаңа форматта «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»
тағайындау жүйесі іске қосылды.
2017-2020 жылдар аралығында міндетті медициналық сақтандыру қорының енгізілуіне байланысты тұрғындардың үй-жайларын аралап, мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілді.
Жақында жұмыспен қамту орталығында үздіксіз 10 жыл бойына қызмет еткен қызметкерлердің еңбектері ескеріліп, Ақтөбе қаласының әкімі А.Шахаровтың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button