Ауыл

Үш ауылда спорт алаңы ашылды

Сарыбұлақ, И.Білтабанов, Талдысай ауылдық округтерінде пайдалануға берілген спорт алаңдарында жасөспірімдердің спортпен айналысып, шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасалған.

Сарыбұлақ пен И.Білтабанов ауылдарындағы алаңдар жергілікті бюджет есебінен жасақталса, Талдысай ауылындағы спорт алаңы осы округте ірі асылтұқымды шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпкер Әсет Тілеуовтің демеушілігімен жасалды.

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, аудан тұрғындарының 30 пайыздан астамы спортпен шұғылданады.

Өткен жылы Қобданың Жиренқопа, Қызылжар, Жарық, Бесқұдық, Талдысай, Егіндібұлақ, Жарсай, Қобда ауылдарында спорт алаңдары ашылған болатын. Биыл Ақырап ауылына да демеушілер дәл сондай алаң салып берді. Қазіргі таңда Бестау мен Бегалыда спорт алаңдары салынып жатыр. Жыл соңына дейін Терісаққан мен Жаңаталап тұрғындарын да қуанту жоспары бар.

Спорт алаңдары футбол қақпаларымен, жасанды шөп жабындысымен,биік қоршаулармен жасақталған. Бұрын шаңға батып, доп тепкен балаларға бұл керемет тарту болды.

Талғат БАҒЫБЕРГЕНҰЛЫ,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button