Білім

Шамнан шырақ жағайық!

Биыл елімізде «Ұлттың ұлы ұстазы», «Даланың дара ұстазы» атанған халық педагогі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы аталып отыр.

Бұл кісіні қазақ педагогикасының негізін қалаушы деп айтуға толық негіздер жеткілікті. Алайда бүгінгі заманда Ы.Алтынсариннің идеяларын педагогтер ортасында қалай таратамыз? Жеткіншек ұрпаққа қандай мирас қалдырамыз? Осы сауалдардың жауабын Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ тарапынан ұйымдастырылған Facebook парақшасында «Шамшырақ» алаңынан табуға болады. Ең алғашқы кезден бастап мұнда өз облысына, республика деңгейіне даңқы таралған біздің замандастарымыздың жетістіктері мен тәжірибесі, олардың теория мен практиканы ұштастыруға бағытталған жұмыстары талай оқырмандарды тәнті етуде. Парақша бетінде пайдалы да қызықты деректер мен озық идеялар, тың мәліметтер табылады. Алаң бетінен подкасттар арқылы Ы.Алтынсарин туралы беймәлім ақпараттарды оқуға болады. Соның ішінде автордың әдеби шығармалары, әділдікті ту еткен Ыбырай атамыздың ерліктері мен өміріндегі «ақтаңдақ» болған оқиғалар өз оқырмандарын бейжай қалдырмай жатыр. Ал «Ы.Алтынсарин төсбелгі иегерлері тәжірибесінен» айдарында еліміздің баласын оқытып, тер төгіп жүрген әріптестеріміздің педагогикалық ұстанымы қандай, жұмысының қыр-сыры неде екенін тамашалауға болады. Осы сәтті пайдаланып, «Шамшырақ» парақшасына облыстағы Ы.Алтынсарин төсбелгісі иегерлерін қызықты әрі кеңінен тарап жатқан бастамаға атсалысуға және жаңаша идеялармен бөлісуге шақырамыз.

А.ОРАЗБАЕВА, Педагогикалық шеберлік
орталығы филиалының әдіскері.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button