Жаңалықтар

Тұрғындарды қабылдады

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында облыстағы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Атығай Арыстанов тұрғындарды қабылдады.

Бұл күні 10 шақты азамат қабылдауға жазылып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелерін шешу үшін облыстық полиция басшысына тікелей жүгінді.

Ол полицейлермен қарым-қатынаста туындаған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ өтініш білдіргендерге кеңес беріп, олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынды. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды департамент бастығы жеке бақылауына алды. Бірқатар нақты фактілер бойынша басшыларға тиісті тапсырмалар берілді: әрбір өтініш пен шағымды егжей-тегжейлі қарау тапсырылды.

Сондай-ақ бұл күні полиция департаменті бастығының орынбасарлары, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары да тұрғындарды қабылдады.

Қабылдау барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды.

Тұрғындарды қабылдау алдағы уақытта да тұрақты жүргізілетін болады.

 Ғазиза КӘРІБАЙ,

полиция департаментінің баспасөз қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button