Жаңалықтар

Тағайындау

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Әнуарбек Бермағамбетов тағайындалды.

Әнуарбек Серғалиұлы Бермағамбетов 2003 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін құқықтану, 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасының бас маманы болып бастады.

2008 – 2012 жылдары аралығында Ақтөбе облысы орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бері осы уақытқа дейiн облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button