Ауыл

Қыстың қамы

Жәрмеңке

Ойыл ауданының орталығында  шөп жәрмеңкесі өтті. Село тұрғындарының мал азығын мол дайындап, аулаларын толтырып алулары үшін мұндай шара науқан басталғалы төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңкеге шөпті жергілікті 9 шаруа қожалықтары әкелді. Әр бума шөптің бағасы 500 теңгеден сатылды.  Ойыл селолық округінде шөп түсуі тиіс 720 аула бар. Әзірге 140 аулаға мал азығы тасылған.

Шөп жәрмеңкесі тұрғындар үшін тиімді, қалаған шөбін сол күні түсіріп алады. Қазір телефон арқылы тапсырыс береміз. Қай күні, қандай уақытта келетінін білмейсің. Жұмыстан сұрануыңа тура келеді. Ал осындай жәрмеңкелер жиі өткізіліп тұрса, алдын ала дайындаласың.  Сенбі, жексенбі күндері көбі бос болады. Сол кездерде мал азығын алып алуға қолайлы,— дейді тұрғындардың бірі.

Бірді-екілі малы болғанымен оған шөп сатып алуға жағдайы келмейтін отбасылар бар. Жыл сайын әр шаруа қожалығы бір отбасыға бір көлік тегін шөп түсіріп береді. Қайырымдылық шарасы биыл да жалғасатын болады. Округке қарасты елді мекендерді қосқанда 13 отбасыға тегін шөп түсіріп беру жоспарланған.

Ойыл селолық округінің әкімі Сәндібек Дәулетқалиевтің айтуынша, шөп жәрмеңкесі апта сайын өткізіліп тұрады.

С.Жұбанғазин,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button