Жаңалықтар

Балалар үйіне орналастырылды

30 шілдеде түнгі сағат үш жарымда №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалған адам Макаренко көшесі, 9-үйдегі пәтерлердің бірінде жас баланың жылап жатқанын хабарлайды.

Аталған мекенжайға дереу барған полиция қызметкерлері пәтерден сәбидің жылаған үнін естиді. Ал ата-анасының үйде мас күйінде жатқаны анықталады. Сондай-ақбаланың 32 жастағы анасы полиция есебінде тұрғаны белгілі болды.

Полицейлер сәбиді бөлімге жеткізіп, оған алғашқы көмек көрсетіпті. Құрғақ киімге орап, сүт қоспасымен тамақтандырған. Сосын жедел медициналық қызметті шақырған.

— Қазіргі уақытта екі айлық сәби балалар үйіне орналастырылды, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ата-аналар қолайсыз отбасы ретінде полиция есебіне қойылды, оларды ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе шешіліп жатыр, — дейді №1 қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Салтанат Көшқалиева.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button