Ресми

Облыстық мәслихаттың кезекті  төртінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы 2021 жылғы 11 тамызда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі О.С.Оразалиннің есебі туралы.

 

Баяндамашы: О.С.Оразалин — Ақтөбе облысының әкімі

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. Басқа сұрақтар.

Облыстық мәслихаттың хатшысы А.НҰҒМАНОВ.                                                             

Басқа жаңалықтар

Back to top button