Спорт

Қазаннан жүлдемен оралды

Жуырда Ресейдің Қазан қаласында тхэквандодан Еуропа чемпионаты мен біріншілігі өтті.

Жаһандық тхэквандо федерациясы (ГТФ) ұйымдастырған бұл жарыста ақтөбелік жас спортшылар да өнер көрсетті.

Татарстан астанасында өткен үлкен жарысқа 26 елден 600-ден астам спортшы қатысқан.

Олар төрт түрлі жас категориялары бойынша өнер көрсетті: 10-11 және 12-14 жас аралығындағы балалар, жасөспірімдер және жастар.

Жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Үшінші орында — Молдова құрамасы.

Қазақстандық тхэквандошылардың осы жетістігіне біздің жерлестеріміз де үлес қосты. Атап айтқанда, Алға ауданынан қатысқан ДәуренЖолдыбаев— 2-орын алса,ЕржанКемелхановпен Диана Қолғанатова 3-орын иегерлері қатарынанкөрінді.

Жас спортшыларымыз үшін бұл үлкен жеңістердің бастауы болады деп үміттенеміз.

А.Сарыбай.

Басқа жаңалықтар

Back to top button