Әлеумет

«Айналамызды қоқысқа айналдырмайық!»

«Қазіргі таңда шаһардағы саябақтар мен гүлзарларды санитарлық тазартумен айналысуы тиіс мердігерлік ұйымдар көп қабатты үйлердің контейнерлер алаңынан тұрғындар тастаған ірі көлемді қалдықтарды шығарып жатыр», — деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Негізі олар тұрғындар контейнер алаңдарына лақтыра салған ескі жиһаздар мен құрылыс материалдарын жинауға тиісті емес. Контейнерлер қатты-тұрмыстық қалдықтарды салуға ғана арналған. Ал, ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс материалдарының қалдықтарын полигонға тұрғындар өздері шығаруға тиіс.

— Біреу пәтерін жөндейді, енді біреуі жиһазын немесе тұрмыстық техникасын алмастырады. Тұрғындар өз қаражаты есебінен көлік жалдап, құрылыс қоқыстарын және тозған, сынған шкафтарын, дивандарын, тоңазытқыштары және басқа да тұтынған заттарын полигонға апарып тастауы тиіс. Бірақ әлеуметтік жауапкершілігі төмен азаматтар түн ішінде барлық қоқысын контейнерлер алаңына, жолдың бойына немесе саябақтардағы талдың түбіне лақтырып тастап кетеді. Айналамызды қоқысқа айналдырмайық, — дейді жұмысшылар. Олар тұрғындардан контейнер алаңдарын шашпай, барынша жауапкершілік танытуды сұрайды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button