Әлеумет

Сыйақы төленеді

Егер қала көшесінде вандализмге қатысты жайттың куәгері бола қалсаңыз, телеграм мобильді қосымшасындағы taza_aktobe ботына хабарлауыңызға болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрген жайтты әуелі камераңызға түсіріп алыңыз. Сосын телеграмдағы taza_aktobe боты арқылы материалды «109 Aqtobe» қызметіне жолдаңыз. Олар сізден түскен  бейне немесе фото материалды 102 қызметіне хабарлайды. Полиция қызметі материалдың анық-қанығын тексеріп, расталып жатса, тәртіп бұзушыға шара қолданады. Жасалған жұмыстар нәтижесін «109 Aqtobe» қызметіне мәлімдеп отырады.

«109 Aqtobe» қызметі өзіне түскен материалды «Сыйақы төлеу жөніндегі қоғамдық қорға» жолдайды. Сосын шағымданушыға сыйақы төленеді.

Сыйақы мөлшері төмендегідей белгіленіпті.  Абаттандыруды бұзғаны, көгалды бүлдіргені, сондай-ақ қала инфрақұрылымы объектілерін сындырғаны туралы хабарлаған адамға 10000 теңге, жалпы пайдалану орындарын ластағаны туралы хабарлаған адамға  5000 теңге көлемінде сыйақы төленеді.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button