Тарих

Азаттық жолындағы күрескерге арналды

Биыл бірегей батырымыз — Исатай  Тайманұлының туғанына 230 жыл. Осыған орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Тарих және тұлға» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.   

Шараның мақсаты — жас ұрпаққа Исатай Тайманұлының күреске толы өмір жолын ұғындыру, тарихи тұлғаның қайраткерлігін, ерлік істерін таныту.

Іс-шара барысында Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп-салдары, Тастөбе түбіндегі шайқас, оның тарихи маңызы айтылды. Сонымен қатар Зарина Сағынтай, Дамир Аманжолов ерлік, батырлық туралы өлеңдер оқыды. Шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

Шырайлым ОРАЛБАЙҚЫЗЫ,

кітапханашы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button