Ресми

Мүлік салығы: мерзімі және сомасы

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға мүлік салығын төлеу туралы еске салады.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек. Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» ақпараттық жүйесі және Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қорының мәліметтері пайдаланылды.

2020 жылға есептелген мүлік салығы осы жылдың 1 шілдесінен 1 қазанына дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті (ары қарай МКК) азаматтарды «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады. Мобильді қосымшаға кіру үшін сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО), сондай-ақ ЖСН де тіркелуі қажет.

Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі осы жылғы 1 қазанда аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті порталында, «электронды үкімет» (egov. kz) порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, банктердің мобильді қосымшаларында деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды (Kaspi kz, Homebank).

Бұл ретте МКК мобильді және банк қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде есептелген мүлік салығының сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі.

Сонымен қатар мүлік салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып есептелмейді, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.

Жеке тұлғалар салықты басқа да тәсілмен: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен төлей алады.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button