Жаңалықтар

Бөлінген қаражат қалай жұмсалады?

Облыстық мәслихат депутаттары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген қаражатты жұмсау мәселелерін талқылады.

Әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев осы мәселе бойынша баяндама жасады.

Ол облыста 27 632 мүгедек тұрып жатқанын, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 әлеуметтік оңалту орталығы жұмыс жасап жатқанын айтты.

— Мұнда мүгедектерге арнайы тұрмыстық, медициналық, психологиялық, басқа да қызметтер көрсетіледі, — деді ол. — Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 18 жастан асқан мүгедектерге қызмет көрсету бойынша 63 888,5 мың теңгеге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызмет көрсету бойынша 60 603,9 мың теңгеге шарт жасалды. Әлеуметтік оңалту орталықтарында 18 жастан асқан 595 және 16 жасқа дейінгі 595 мүмкіндігі шектеулі адам қамтылады.

Отырыс соңында депутаттар баяндамашыға сұрақтар қойып, тиісті қаулы шығарды.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button