Жастар

«Бұлақ көрсең көзін аш!»

Ақтөбелік жастар қайырымдылық аптасын» өткізіп жатыр. Сәрсенбі күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары акция аясында «Бұлақ көрсең көзің аш!» шарасын өткізді.

Шара барысында жастар Ислам бұлағы маңын қоқыстан тазартты. Акция аптаның соңына дейін жалғасады. Жастар жұма күні «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарияларға көмек көрсетіп, сенбі күні Қарғалы мен Елек маңын жинайтын болады.

Айта кетейік, маусым айында  «Жасыл елдің» XVII маусымы өз жұмысын бастаған болатын. Биылғы еңбек маусымына облыс бойынша 3500-ден астам жасты тарту жоспарланған.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button