Ауыл

Су кіргізіліп, газ тартылды

 Мұғалжар ауданындағы Басшилі ауылының әр көшесіне ауызсу құбыры тартылып жатыр. Ауылда 169 түтін бар. Ұзындығы 12,5 шақырым болатын су құбырын тартқан «Монолит» ЖШС ауылда әлі де жұмыс жасап жатыр. Бүгінде серіктестік жұмысшылары көше бойы қазылған арықтарды көмумен айналысуда.

Басшилі ауылының Ынтымақ көшесіне газ тартыла бастады. Жұмыстарды «Gas Energy Construction» ЖШС-і жүргізіп жатыр.

Бүгінде Ынтымақ көшесіндегі 24 үйде 83 тұрғын тұрады.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button