Жаңалықтар

Мұқтаждарға ет таратылды

Мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесінде Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы 64 отбасыға ет таратты. Әр отбасы 5-7 келі ет алды.

Таратып айтсам, 51 адам асыраушысынан айырылғандар жобасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен жәрдемақы алады және 13 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

Асыраушысынан айырылғандар жобасы бойынша қазіргі уақытта 215 жетім бала ай сайын 50 доллар түрінде көмек алады. Балаларға бұл көмек кәмелеттік жасқа толғанға дейін беріледі. Сондай-ақ мамыр айында 164 оқушы LC Waikiki бутигінде киім сатып алу үшін 25 мың теңгелік сертификаттар алды.

Нұрлан ҮДЕРБАЙ,

ҚР Қызыл Ай қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button