Жаңалықтар

Заңсыз қаруды тапсыру керек

Облыста заңсыз айналымнан 86 атыс қаруы тәркіленді.

Жарты жыл ішінде облыс аумағында атыс қаруы қолданылған 2 қылмыс жасалған. Бұл, негізінен, адамдардың көбіне қаруларына немқұрайды қарайтындығын және оны қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамайтындығын көрсетеді.

Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс аумағында халықтан тіркелмеген қару-жарақты сатып алу бойынша өткізілген республикалық акция шеңберінде облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жалпы сомасы 5 млн теңгеге 82 бірлік қару, сондай-ақ 3 дана артиллериялық снаряд және 3 килограмм оқ-дәрі өз еркімен тапсырылды.

Өткен 6 айда облыс аумағында «Қару» және «Қызметтік қару» сияқты жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, онда 86 бірлік қару, 93 патрон, 378 дана суық қару (пышақ) тәркіленді. Барлығы 786 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 27 наурыздағы №254 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес, осы жылдың 6 айында облыстық полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметтік және азаматтық қару айналымы саласында заңды және жеке тұлғаларға 2661 рұқсат құжаттарын берді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті заңсыз сақталған заттарды, атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлайды.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button