Спорт

Қола жүлдегер атанды

Шалқар ауданындағы В.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Сәулемай Сағитжан жасөспірімдер арасында өткен Ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Аталған спорт мектебінде дзюдо спорт түрі 2010 жылы ашылды. Ал жасөспірім қыздарды жаттықтырушы Әйгерім Байжанова дзюдо күресімен 2017 жылдан бастап жаттықтырып келеді.

Үшінші орын алған Сәулемай — дзюдо күресінен «ҚР спорт шеберіне үміткер». Ол дзюдо күресінен спорт мектебіндегі алғаш рет Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлдеге ие болған спортшы. Сәулемайды жеңісімен құттықтап, дүбірлі додаларда биік белестерді, шыңдарды бағындыруға сәттілік тілейміз.

 Асем ИСМАИЛОВА,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button