Жастар

Ақтөбелік волонтерлердің өз офисі бар

Волонтер ретінде ресми түрде тіркелмеген болсаңыз, жуырда ғана ашылған «Birgemiz» өңірлік фронт-офисіне баруыңызға болады. Волонтерлердің бастамаларын қолдап, жобаларын үйлестіруге, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін алаң Әбілқайыр хан даңғылы, 68А мекенжайында жұмыс жасап тұр.

Қазір өңірімізде қарекет етіп, көпке берекет жасап жатқандардың ресми саны 2 мыңнан, ал оларды біріктіріп отырған ұйымдардың саны 100-ден асады. Сондай-ақ осы салада белсенді түрде қызмет етіп, бірақ ресми түрде тіркелмеген азаматтар да жетерлік. Ендігі уақытта олар осы  «Birgemiz» фронт-офисіне келіп, есепке тұра алады. Бұл жерде волонтерлерге әдістемелік, ақпараттық кеңес берілетін болады. Фронт-офис республика​ ​ бойынша​ волонтерлік​ жобалар мен бастамаларды үйлестіру ​ және қоғамдық мониторинг жасауды жүзеге асырады, — дейді облыстық жастар саясаты мәселелері  басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button