Жастар

Заманауи байқау

Алға аудандық жастар ресурстық орталығы «Менің көзім көпті емес, көкті көреді» деген атаумен жас мобилографтар байқауын жариялады. Аталған сайысқа жасы 14 пен 29 аралығындағы алғалық жастар қатыса алады.

— Мобилография — қазіргі заман талабы. Сондықтан ұялы телефонның қыр-сырын жетік меңгеріп, «құлағында ойнайтын» жастар арасында осындай байқау өткізуді жөн көрдік. Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жастар қолындағы ұялы телефондарымен еркін тақырыпта бейнеролик дайындаса, екінші кезеңде кез келген затқа жарнама ролик дайындауы керек. Ал үшінші кезең «Алға қаласын қалай көресің?» деп аталады. Бұл кезеңде жастар ауданның көрікті жерлерін көрсетіп, ролик жасауы қажет. Қатысушылар сайыс туралы толық мәліметті аудандық жастар ресурстық орталығына хабарласып біле алады, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Темірлан Мирманов.   

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button