Жаңалықтар

Азық-түлік пакеттері таратылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша облыстық «Нұр ғасыр» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді. Акция барысында 100 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік таратылды.

Бұл жолғы қайырымдылық шарасына «Рамазан» және «Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік көрсетті.

Шара барысында жиналғандарды Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұлық мереке — Құрбан айттарымен құттықтап, аталған мерекенің мәні мен маңызы туралы айтты.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button