Басты бет » Мереке » Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер!

Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер!

Баршаңызды келген ұлық мереке — Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт — жүрекке жылу сыйлайтын, жер жаһандағы адамзаттың барлығын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбіршілікке, кешірімге шақыратын күн. Адамзат баласы бұл күні ғибадаттарын арттырып, құрбандық шалу секілді сауапты істерімен Аллаға жақындай түсуге ұмтылады. «Құрбан» сөзінің өзі араб тілінен аударғанда «жақындау» деген мағынаны білдіреді.
Жылдан жылға дәстүрлі дініміз қанатын жайып, халқымыздың дені дінге бет бұрып, Құрбан айт мейрамының да маңызы артып келеді. Елімізде осы мерекеге орай демалыс күнінің жариялануы – соның бір дәлелі.
Құрметті отандастар! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көпұлтты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей! Жаратушы иеміз еліміздің мерейін үстем етіп, халқымыздың ауызбіршілігін арттыра бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Амангелді НҰҒМАНОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.