Жаңалықтар

Депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды

Облыстық мәслихатта депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды.

Бұл орган «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес құрылған.

Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық кеңестің өкілдері енгізілген.

Комиссияның өкілеттігіне мәслихат депутаттарының депутаттық этика қағидаларын бұзуы, мәслихат депутаттары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу, жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау органдарының мәслихат депутаттарына қатысты шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау кіреді.

Комиссияға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан комиссияның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға, өз отырыстарында комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің, лауазымды адамдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратын тыңдауға, комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат депутатының түсініктемелерін жазбаша нұсқада сұратуға және тыңдауға құқық берілген.

Депутаттардың мақұлдауымен депутаттық этика жөніндегі комиссияның хатшысы болып облыстық мәслихат аппаратының заңгері Мәди Тілеген тағайындалды.

Айта кету керек, депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрамында облыстық мәслихат хатшысы, комиссия төрағасы А.Нұғманов, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, төрағаның орынбасары Т.Айтқалиев, облыстық мәслихат депутаттары — С.Вишняк, Г.Ерғазина, Ә.Шүңкеева, Т.Салфиков, С.Шынтасова, А.Бекенова, О.Далмағамбетов, Т.Есенғұлов, сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Қойлыбаев бар.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button