Басты жаңалықтарӘкімдер сайлауы

Үміткерлерді тіркеу аяқталды

14 шілде күні сағат 18.00-де облысымызда ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Сайлау науқаны басталғаннан бері өңірде 115 адам үміткерлікке ұсынылған. Оның 7-еуі заңнама талаптарына сай келмесе, бір кандидат жеке өтініші бойынша бас тартқан.

Сонымен бүгінгі күні облыс бойынша ауыл әкімдерін сайлауға 107 кандидат тіркелген. Оның ішінде 65 адам (61%-ы) 6 саяси партияның өкілі болса, 42 адам (39%-ы) — өзін-өзі ұсынған азаматтар.

Қазіргі таңда кандидаттыққа Nur Otan партиясынан — 28, «Ауыл» партиясынан — 16, «Ақ жол» партиясынан  —  9, «АDAL» партиясынан — 5, Қазақстан Халық партиясынан — 5, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 2 кандидат тіркеліп отыр.

Бір округке орташа бәсекелестік адам саны — 3. Тіркелген 107 кандидаттың 17-сі (16%) — әйел адамдар.

Кандидаттардың орташа жасы 40-та болса, ең жасы — 27-де. Ал жасы ең үлкені — 62-де.

Бүгіннен бастап ауылдық округ әкіміне кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button