Жаңалықтар

11 зертхана жұмыс істеп тұр

Брифинг

 

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер беріліп, кезекті рет сақтық шаралары сөз етілді.

 — 15 шілде күні облыс бойынша 215 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның 137-сі — ауру белгілерімен анықталғандар. Көпшілігі — Ақтөбе қаласының тұрғындары. Жалпы, пандемия басталғалы 13369 адам коронавирусқа шалдыққан.

9 шілдеден бері облыс «қызыл аймақта» тұр. Шектеу шараларын сақтауға шақырамыз, — деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.  

Құрбан айт мейрамын онлайн режимде өткізу керектігін айтқан ол барлық ереженің қаулыларда көрсетілгенін атап өтті.

— Қауіп әлі сейілген жоқ. Сондықтан баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! — деді ол.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров қазіргі таңда 31 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын баян етті.

Оның айтуынша, вакцинаның 1-компонентін 191 мың адам алған. Егу пункттері сауда орталықтарында да орналасқан.

Айта кетейік, Ақтөбеде коронавирус инфекциясын тестілейтін 11 зертхана жұмыс істеп тұр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button