Әкімдер сайлауы

Үміткерлерді тіркеу аяқталды

Кеше, 14 шілде күні сағат 18.00-де облысымызда ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқаны басталғаннан бері өңірде 115 адам үміткерлікке ұсынылған. Оның 7-еуі заңнама талаптарына сай келмесе, бір кандидат жеке өтініші бойынша бас тартқан.
Сонымен бүгінгі күні облыс бойынша ауыл әкімдерін сайлауға 107 кандидат тіркелген. Оның ішінде 65 адам (61%-ы) 6 саяси партияның өкілі болса, 42 адам (39%-ы) — өзін-өзі ұсынған азаматтар.
Қазіргі таңда кандидаттыққа Nur Otan партиясынан — 28, «Ауыл» партиясынан — 16, «Ақ жол» партиясынан — 9, «АDAL» партиясынан — 5, Қазақстан Халық партиясынан — 5, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 2 кандидат тіркеліп отыр.
Бір округке орташа бәсекелестік адам саны — 3. Тіркелген 107 кандидаттың 17-сі (16%) — әйел адамдар.
Кандидаттардың орташа жасы 40-та болса, ең жасы — 27-де. Ал жасы ең үлкені — 62-де.
Бүгіннен бастап ауылдық округ әкіміне кандидаттар сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button