Жаңалықтар

Балаңызды бақылаңыз!

Жыл сайын Ақтөбе қаласында жазатайым оқиғалардан балалар әртүрлі дене жарақаттарын алып жатады. Оқиғалардың көпшілігі ересектердің салғырттығы мен балаларға дұрыс назар аудармауы себебінен болып отыр.

Жуырда Ақтөбе қаласында 2015 жылы туған бала 5-қабаттан құлап кеткен. Балалар ауруханасына іштің жабық жарақаты және  жамбасы сынып түскен оның жағдайы ауыр хәлде болды. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Өкінішке қарай, балалар жарақаты үйде, ойын алаңдарында көп кездеседі. Одан кейін көшеде, мектепте және спортпен шұғылдану кезінде алған жарақаттар да бар. Ал балалардың көліктерден алған жарақаттары барлығының тек 1%-ын құрайды. Жарақаттан зардап шеккендердің арасында ұлдар басым. Статистика бойынша 5 жастан 10 жасқа дейінгі жеткіншектер мұндайға жиі ұрынады екен.

Балалар ересектердің көмегі мен қамқорлығына мұқтаж. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауы керек,— дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Дина Досжанова.

Балалар кешкі уақытта да назардан тыс қалмауы қажет. Ата-аналарэлектр тогына барынша абай болып,тамақ дайындау кезіндегаз плиталарынан балаларды барынша алшақ ұстаған дұрыс.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button