Жаңалықтар

Кәсіпорында жұмысшы көз жұмды

13 шілдеде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ның №2 байыту фабрикасының концентрат қоймасында өнімдерді тиеу жұмыстары кезінде «Copper Technology» ЖШС-ның жүк тиегіш машинасының жүргізушісін айырлы жүк көтергіш құралы қағып кетті. Жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Өңір басшысының тапсырмасымен жағдайды тексеріп, қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен арнайы комиссия құрылған.
Тексерістің нәтижесі туралы алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button