Басты жаңалықтар

Ақтөбе «қызыл аймақта»

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты облыс «қызыл аймаққа» енді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы»  тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтты.    

Бүгінге дейін  облыста КВИ-мен ауырған 12516 жағдай тіркелді, оның ішінде 65,4%-ы ауру белгілерімен (8196) және 34,5%-ы симптомсыз (4320) жағдай. 11601 (92,6%) науқас жазылып шықты. Жалпы  тіркелген 12516 науқастың 1,6%-ы (206)  — сырттан келген, 16,6%-ы (2090/11) — ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,4%-ы (10194) — жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,7%-ы (2425) — профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

8 шілдеде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 77 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 61 (Ақтөбе қаласы – 47, Әйтеке би ауданы – 3, Ырғыз ауданы – 1, Қобда ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 2, Хромтау ауданы – 5, Шалқар ауданы – 1, симптомсыз – 16 (Ақтөбе қаласы – 8, Қобда ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 2, Темір ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,6%. Қазіргі таңда үй карантиніне 1892 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде, — деді ол.

Мұхтар Сербаевтың айтуынша, тәулік ішінде вирус анықталмаған пневмонияның  7 жағдайы тіркелген. Оның шінде Ақтөбе қаласы бойынша — 3 жағдай, Темір, Алға, Мұғалжар, Қарғалы аудандарында бір жағдайдан тіркеліп отыр.

Инфекциялық аурудың 796 ошағы тіркелді. Оның ішінде 690-ы —  үй ошақтары, 106-сы — ұйымдастырылған ұжымдарда, мұның 12-сі — медициналық ұйымдарда. Бүгінде 1892 адам үй карантинінде медициналық бақылауға алынған.

— Облыста эпидемологиялық жағдай күрделеніп отыр. 9 шілдеде өңір «қызыл аймаққа» көшті. Облыста бірнеше адамнан үнділік «дельта штамы» анықталды. Бұл өте тез тарайтын және ауыр салдары бар вирус. Әсіресе жастар көп жұқтырып жатыр. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Вакцина алудан қашпау керек. Қазір облыста 4 түрлі вакцина бар, барлығы да сараптамадан өткен, жаңа штамға қарсы тұра алатын вакциналар. Бетперде кию, арақашықтықты сақтау, антисептиктер қолдану, дезинфекция жасау, үй-жайды ұдайы желдету секілді санитарлық талаптарды сақтау керек, — деді ол.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button