Жаңалықтар

Кәсіпкердің құқығын қорғады

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен бірлесе өңірдегі бірқатар бизнес өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғады.

Мәселен, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің өтінішін қарау кезінде облыс орталығының Ѕра-салондарының бірінің қызметіне заңсыз кедергі келтіру фактісін анықтады.Арызданушының дәлелдерін зерттеу барысында қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны анықталды.

Қылмыстық іс шеңберінде қылмыстық қудалау органы салонның үй-жайына мөр басып және құжаттары сақталған жабдықты алып қойған.Қылмыстық қудалау органдары іс-әрекеттерінің заңдылығын тексеру арқылы кәсіпкердің құқығының бұзылғандығы анықталды, өйткені барлық қажетті тергеу іс-шаралары толық көлемде жүргізілгендіктен, салонның қызметін тоқтата тұрудың  қажеттілігі болмаған.

Осыған байланысты, Алматы ауданы прокуратурасының мобильді тобы Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп салон басшылығы мен қызметкерлерінің өздерінің жұмыс орындарына баруына рұқсат етіп, құжаттары бар жабдықтарды қайтаруды қамтамасыз етуде тиісті шаралар қабылдады.

 

М.ТАБЫН.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button