Жаңалықтар

Тұрғын үй шатырлары жөнделеді

Ақтөбеде соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тұрғындар қалашығы ауданындағы 5 тұрғын үйдің шатырынан су кіріп, пәтер иелерін әлекке салды.

Көп қабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілдері келтірілген шығындардың өтелетінін айтады.

— Өзге өңірлерден алынатын құрылыс материалдарының уақытында келмеуіне байланысты кейбір үйлердің шатыры жабылмаған болатын. Соңғы үш күнде жауған жаңбырдан 5 тұрғын үйдің шатырынан су кетіп, 15 пәтер иесі зардап шеккені анықталды.

Он күннің ішінде жөндеу жұмыстары аяқталады. Қазір қалалық әкімдік тарапынан арнайы комиссия тобы құрылды. Олар әр пәтерді аралап, кеткен шығындарды есептейді. Келтірілген залал толық өтеледі, — дейді «Табыс Ақтөбе» ЖШС директорының орынбасары Талап Уснадин.

Аталған мердігер мекеме жалпы Тұрғындар қалашығы ауданындағы 32 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Әзірге оның 16-сы толық аяқталған.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button