Мәдениет

«…Үніңнен айналайын бұзылмаған!»

Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Домбыра — халық мұрасы» атты концерт өтіп, жыр-термелер мен халық әндері әуеледі, күйлер күмбірледі. Онлайн форматта ұйымдастырылған өнер мерекесіне оннан астам әнші-жыршы, күйші атсалысты.

Тек Ұлттық домбыра күнінде ғана емес, қазақтың төл аспабын жыл бойы ұлықтайтын өнер ұжымы бұны дәстүрге айналдырған.

— Бізде ұлттық музыкаға баса мән беріледі. Өйткені облыстық халық шығармашылығының өзі домбырамен тығыз байланысты. Сондықтан әріптестеріміздің де қазақтың ұлттық музыкалық аспабына көңілі ерекше.

Осы жолы әдеттегідей халық әндері мен қазақтың танымал композиторларының туындылары орындалды. Арасында күйге де кезек берілді. Көрерменнің бұны жақсы қабылдағанын игі тілекке толы пікірлерден байқадық. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Гүлнар Сейталина.

Әлеуметтік желілердің тікелей эфирі арқылы «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі, «Әдеп» халықтық тобы, Бағдат Балмағамбетова өнер көрсетті,сондай-ақ күйшілер Құрманғазы Асылханов, Жалғас Болатұлы,т.б. күй тартты.

Ән-күй асқақтаған кеште бірталай композицияның шығу тарихы да айтылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button