Білім

Жас ұстаздар жарысы

№3 Қарауылкелді орта мектебінде жас ұстаздар арасында «Педагогикалық шеберлік» атты сайыс өтті.

Жас ұстаздардың теориялық білімдерін іс жүзінде жетілдіруге, жеке тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыруға арналған сайысқа екі топ қатысты. «Зерек мамандар» және «Ұшқыр ойлы мамандар» топтарының мүшелері бала тәрбиелеу кезіндегі мұғалімнің шыдамдылығы мен әдептілігіне қатысты ұйымдастырылған педагогикалық ойынға шықты. Сондай-ақ жас ұстаздар тәжірибе жұмыстары кезінде қолданатын көрнекіліктерді тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

Топ басшылары А.Хұсайынов пен Қ.Саламатованың бастауыш сынып оқушыларына би қозғалыстарын үйрету бөлімі қызықты болды.

Мектеп психологі Толғанай Бөлегенованың ұйымдастыруымен өткен байқау соңы сайысқа қатысушылар мен көрермендердің «Мейірімді адамдар» тақырыбындағы жаттығу жұмысын орындаумен аяқталды.

С.МӘЖІКОВА,

№3 Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі.

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button