Әкімдер сайлауы

Nur Otan өз кандидатын ұсынды

Ауыл әкімдерін сайлауға байланысты 2 шілде күні Nur Otan партиясы Қарғалы аудандық филиалында кезектен тыс партия конференциясы өтті.
Онда Қарғалы аудандық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Қосестек ауылдық округінің әкіміне Nur Otan партиясынан кандидаттар ұсыну мәселесі талқыланды..
— Бүгінгі таңда филиал төрағасының атына сайлауға қатысуға ниет білдірген үш өтініш келіп түсті. Әр кандидаттың өмірбаяны, қызмет жолдары өтінімге қоса тіркелген. Конференция делегаттары кандидаттардың ішінде Қосестек ауылдық округінің қазіргі әкімі Гүлжан Досмағамбетованың кандидатурасын бір ауыздан колдады, — деді Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Надежда Заглядова.
Конференция отырысының қорытындысы бойынша кандидатты ұсыну үшін аудандық сайлау комиссиясына жолданған қаулы қабылданды.

Набатхан ПЕРЛЕПЕСОВА,
Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button