Әлеумет

Кедейлік шегінің мөлшері

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы №290 «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы»  бұйрығына сәйкес Қазақстан  Республикасы  бойынша  кедейлік шегі 2019 жылғы 1 қазаннан бастап  атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде айқындалды.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтындағы Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы бойынша мәліметіне сәйкес Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылдың 2-тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы  33260 теңге,  2021 жылдың 3-тоқсанына  кедейлік шегінің  мөлшері  23282  теңге құрады.

Гүлсара ГУМАРОВА,

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button