Жаңалықтар

«Қазхромда» вакциналау қарқынды жүріп жатыр

ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Ақтөбе облыстық мекемелерінде тәулік сайын орташа есеппен 20 адам COVID-19-ға қарсы екпе алып жатыр. Бұл туралы «Қазхромның» баспасөз қызметі хабарлады.  

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң кен байыту комбинатында  8 сәуірден бері вакцинаның алғашқы компонентімен  қызметкерлердің 21,1 пайызы, ал  екіншісі компонентімен 13,7 пайызы егілген. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту цехының қызметкерлерінің 77% пайызы вакцина алыпты. Мұнда коронавируспен сырқаттану көрсеткішінің төмендегені де байқалады.

Алғашқылардың бірі болып екпені кәсіпорынның бірінші басшылары алды.

-— COVID-19-ға қарсы вакцина алу немесе алмау – бұл әркімнің жеке шаруасы, бірақ зауыт қызметкерлерінің бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, екпе алып жатқандарына ризамын. Әркім өзінің және жақындарының денсаулығына жауапты, бұны естен шығармаған жөн, — дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Короновирусқа қарсы екпе алуға бел буған зауыт қызметкерлеріне барлық жағдай жасалған. Оларды вакциналау «Евразия» медицина орталығында және зауыт аумағындағы денсаулық сақтау орнында жүргізіледі. Сондай-ақ компания басшылығы 22 маусымнан бастап екпе алған қызметкерлердің еңбек демалысына 1 күн қосып беруге шешім қабылдапты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button