Басты жаңалықтар

 «Елбасының тапсырмалары орындалуы керек»

«Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Отырысты ашқан өңір басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты кезекті 29-сессиясы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік — біздің қоғамымыздың басты құндылығы екенін атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің ауқымды табыстарына үлкен үлес қосты», — деді О.Оразалин.

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

«Этномәдени бірлестіктердің басшылары, біздің қоғамдық институттар — қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, жастар бірлестіктері халық пен мемлекеттік органдардың арасындағы көпірге айналуы керек. Бізбен сіздің міндетіміз — қоғамдық бақылаудың, халық үніне құлақ түретін мемлекеттің саясатын ілгері жылжыту», — деді облыс әкімі жиналғандарға.

Сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында қойылған міндеттерді іске асыру мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының пандемия кезіндегі жұмысының нәтижелері мен аналар кеңесінің жұмыс жоспары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді, соның ішінде этносаралық салада ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды күшейту, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы құрылымдарының жұмысын жандандыру және т.б. бар.

«Біздің басты міндетіміз — Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясында қойылған барлық тапсырмаларды орындау», — деп атап өтті облыс басшысы.

Сессия Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының жаңа мүшелеріне  сертификаттар табыстаумен аяқталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button