Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрқанат Әжіқановты қабылдады

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин олимпиада ойындарына қатысуға лицензиясы бар Нұрқанат Әжіқанов пен оның жаттықтырушысы Орынбай Макеевті қабылдады», — хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы спортшының алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

«Жарыстарда жеңіске жеткен, олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар жастарымыздың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосып келеді. Сіздер өскелең ұрпақты бос уақыттарын белсенді өткізуге және салауатты өмір салтына шабыттандырып, оларға өзіңізге деген сенімділікті арттырасыздар. Біз олимпиада ойындарына қатысатын әр отандасымызға жанкүйер боламыз. Жеңіске жетесіздер деп үміттенеміз», — деді Оңдасын Оразалин.

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов олимпиадалық лицензияны Парижде өткен әлемдік біліктілік турнирінде жеңіп алды. Ол тұғырдың бірінші сатысына 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен көтерілді. Сонда жеңіп алған алтын алқасымен қатар Токиода өтетін олимпиадалық ойындарға қатысу үшін квотаға ие болды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button