Жаңалықтар

Аралас жекпе-жекке қолдау көрсетіледі

Облыс әкімі ОңдасынОразалин облыстың джиу-джитсу федерациясының президенті Әшім Қали мен өңірдің ММА федерациясының президенті Айбек Шоқпытовты қабылдады.

Кездесу барысында өңірдегі аралас ​ жекпе-жек ​өнерінің даму келешегімен проблемалары талқыланды. Соңғы кездері ММА спортының танымалдылығы бүкіл әлем бойынша артып келе жатқандығы айтылды. Айта кету керек, Ақтөбе облысынан халықаралық ареналарда лайықты өнер көрсететін ММА спортшылары шығып, белгілі бір дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізе алды. Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі аралас жекпе-жек өнерін одан әрі дамытуға жан-жақты қолдау көрсететіндігін баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button