Мереке

Ақерке — Бердібай Кемал атындағы сыйлықтың иегері

Журналистер күні қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС әріптесіміз Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, белгілі журналист Бердібай Кемал мен Муапық Боранқұлов атындағы арнаулы сыйлық тағайындаған болатын. Бүгінгі мерекеде сол сыйлық өз иелеріне табысталды.

Шара барысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин дүниеден өткен әріптестеріміз Бердібай Кемал мен Муапық Боранқұлов туралы естеліктер айтып, олардың мәңгілік оқырман есінде қалатынын жеткізді.

Медиа басшылығының шешімімен Муапық Боранқұлов атындағы атаулы сыйлық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Айжан Шаукуловаға берілсе, Бердібай Кемал атындағы сыйлықты «Ақтөбе» газетінің тілшісі Ақерке Сатыбалды иеленді.

Мерекелік шараға марқұм әріптестеріміздің жарлары Фаруза Боранқұлова мен Мейрамгүл Меңдіғаринова қатысып, ұжымға өз алғыстарын білдірді.

Газет ұжымы атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button