Денсаулық

Темірліктер 2 жерде вакцина қабылдап жатыр

Темір ауданында да вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қалауына қарай 3 вакцина түрі ұсынылған.

Темір ауданы әкімі аппаратының бас маманы Нұрпейіс Сәрсенбаевтың айтуынша «Спутник V», «Hayаt VAK», «Kaz VAK» сынды вакциналар түрлері қолданыста бар. Соның ішінде «Спутник V» вакцинасына сұраныс зор. Бұның дозасы да көп.

— Аудан бойынша 17100 адамға вакцина салу жоспарланған. Қазіргі таңда екпенің 1-кезеңін 2374 тұрғын қабылдап үлгерді. Ал екіншісін 1629 адам алды. Аудан орталығы — Шұбарқұдық кенті мен Кеңқияқ ауылындағы ауруханаларда бұл мақсатта арнайы кабинеттер бөлінген. Жауапты мамандар бекітілді, — дейді ол.

Алғашқыдай емес, қазіргі кезде аурудың алдын аламын дегендер біртіндеп көбейіп келе жатыр екен. Науқан 11 наурыздан бері қызу жүргізіліп келеді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button